Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан заңының жобасы екінші оқылымда қаралды. Қабылданған қаулыға сәйкес, тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды орындаушының әкімшілік жауапкершілігі артпақ, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгін мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңын ұсынды. Қаулы екінші оқылымда қабылданды.
Қаулыға сәйкес, бұдан былай жеткізушілер жалған ақпарат ұсынған жағдайда оларды мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары деп тану туралы талапты сотқа арызбен жүгінбегені немесе уақытылы ескертпегені үшін сатып алуды ұйымдастырушы да жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте бұл құқықбұзушылық үшін мынадай жаза қарастырылған:
«Сонымен қатар жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етпей, шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынбағаны немесе дер кезінде мәлімдемегені үшін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздері толықтырылды», — делінген хабарламада.
Бұл ретте де құқықбұзушылық жасалған жағдайда – 30 АЕК көлемінде, құқықбұзушылық қайталанған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Сурет: pixabay.com
По сообщению сайта Arna Press