Популярные темы

Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды

Дата: 13 мая 2024 в 19:48


Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылы 13 мамырда азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталушы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Судья Айжан Құлбаева алдымен сотталушы Қуандық Бишімбаевтың бұған дейін қандай баптар бойынша сотты болғанын тізбелеп айтып шықты.

«Сот Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевты ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағында, 99-бабы, 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тану және осы баптарға сәйуес жаза тағайындау туралы үкім шығарды: ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны ішінара қосу арқылы 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья.

Айжан Құлбаева айыпталушылардың кінәсі толық көлемде дәлелденгенін мәлімдеді.

«Алқабилер соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты өз үкімін шығарды, оған сәйкес ол кінәлі деп танылды. Жазаның мөлшері туралы мәселені алқабилер мен судья ашық дауыс беру арқылы, яғни көпшіліктің дауысымен шешті. Шешім мен үкімге сәйкес сотталушылардың кінәсі толық көлемде дәлелденді. Жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарын, аудио-бейне материалдарын, сараптама қорытындыларын және сот процесі барысында зерттелген қылмыстық істің өзге де материалдарын алқабилер ескерді», — деп түсіндірді судья.

Сондай-ақ, үкімге сәйкес, ол жазасын қатаң тәртіптегі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Сурет: ҚР Жоғары соттың баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями