Популярные темы

Қазақстанның Еңбек ері, семейлік ұстаз Алма Шукыжанова оқу-ағарту министрімен кездесті

Дата: 28 марта 2024 в 19:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның Еңбек ері, семейлік ұстаз Алма Шукыжанова оқу-ағарту министрімен кездесті
Стоковые изображения от Depositphotos

Отандық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихында еңбегі сіңген, есімдері көпшілікке белгілі ұлағатты ұстаздар қатарында Семейлік Алма Шукыжанова да бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті.

Қазақстанның Еңбек ері Алма Шукыжанова — облыстың мақтанышы. Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап, осы уақытқа дейін математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Алма Шукыжанова Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын зор қуанышпен жеткізді.

Өз кезегінде министр ұстаздарға бала оқытудағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың үздік тәжірибелері мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.

«Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деген еді. Мұғалімнің еңбегі ерен, өлшеусіз. Ал қазіргі педагог – ол көшбасшы, барлық әріптестері үшін үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер кәсіби сарапшы ретінде мектепті басқару ісіне,  тәрбие жұмыстарына қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрі білім беру саласындағы кейінгі жылдардағы оң өзгерістерге тоқталды. Атап айтсақ, жалақы көлемін ұлғайту, жүктемені азайту, кәсіби біліктілікті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және т.б. Бүгінгі таңда еліміздегі 2 906 мектепте балалар бір ауысымда білім алуда.

Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман Алма Шукыжановаға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями