Популярные темы

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Дата: 20 ноября 2023 в 17:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі
Стоковые изображения от Depositphotos

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметкерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Д.Жұмагелдинге  К.З.Омарбеков жұмыс берушінің апта сайынғы жұмыс уақытының белгіленген нормасын сақтамауы, сондай-ақ оған бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде үстеме жұмыс үшін төлемдерді қалпына келтіруге жәрдем көрсету бөлігінде «Теплокоммунэнерго» мекемесі әрекеттеріне шағымданып жүгінді»  деліген хабарламада.

Бұл ретте 2023 жылғы 06 қыркүйектен бұрын аталған азамат Абай облысының бақылау басқармасына осындай сұрау салумен жүгінген болатын, алайда өз өтінішінен оң рұқсат алған жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес 28.09.2023 жылғы өтініште көрсетілген дәлелдер бойынша Уәкілдің өкілі Д.Е.Жұмагелдин анықталуға жататын мән-жайларды тексеру және қажетті ден қою шараларын қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-не сұрау салуды жолдады» деп қосты хабарламада.

Ұсынылған жауаппен келіспей, жұмыс берушінің өкілдерінің назарына К.З.Омарбековтың қандай да бір кемсітусіз еңбегіне ақы төлеуге, оның ішінде  артық жұмыс үшін ақы төлеуге конституциялық құқығының бұзылуы туралы фактілері жеткізілді.

Уәкілдің өкілі «Теплокоммунэнерго» мекемесі қызметін қызметкерлермен еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізуді сұрап, Абай облысының бақылау басқармасына сұрау салды.

«Абай облысының бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында «Теплокоммунэнерго» МКК тарапынан еңбек заңнамасын бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ жұмыс берушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 87-бабының 3-бөлігі, 89-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Тексеру нәтижелері бойынша Абай облысының бақылау басқармасы «Теплокоммунэнерго» МКК-не анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сонымен қатар К.З.Омарбековке үстеме жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу және төлемді кешіктірген кезең үшін өсімпұлды есептеу туралы нұсқамасы берілді», деп қосты еңбек инпекциясында

Осылайша, адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілінің іс-әрекетінің арқасында жұмысшының бұзылған конституциялық құқығы қалпына келтірілді.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями