Популярные темы

Прохождение отопительного сезона в Темиртау контролируют на постоянной основе

Дата: 27 октября 2023 в 16:15


Прохождение отопительного сезона в Темиртау контролируют на постоянной основе
Стоковые изображения от Depositphotos

Теміртауда жылыту маусымының өтуі тұрақты бақылауда

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-2 және ГРЭС-1-де болып, энергия көздерінің жұмысын тексерді.

АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 қазір төрт қазандық және үш турбогенератор режимінде жұмыс істейді. Тағы екі қазандық жөнделуде. Қараша айында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, жұмысқа тағы бір турбинаны енгізу қажет.

ГРЭС-1-де қазіргі уақытта екі қазандық және екі турбогенератор жұмыс істейді. Қараша айының басында үшінші қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталады. Содан кейін станция толық режимде жұмыс істейді.

Жылу шығынын азайту үшін қалада магистральдық желілерді оқшаулау жалғасуда.

Ермағанбет Бөлекпаев сонымен қатар ЖЭО-2-де жетінші қазандықтың құрылысы жүріп жатқанын көрді. Қазіргі уақытта жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, бірақ нысанда жұмыс күшінің жетіспеушілігіне қатысты пробоема сол күйінде қалып отыр.

Біз мердігердің жаңа қазандықты желіге қосып, сынақтан өткізу үшін осы жылыту маусымының соңына дейін жұмысты аяқтағанын қалаймыз. Мұндай мүмкіндік бар, бұл туралы бүгін сөйлестік, деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин.

  

По сообщению сайта EKaraganda.kz

Тэги новости: Темиртау
Поделитесь новостью с друзьями