Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!» — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press