Популярные темы

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дата: 16 октября 2023 в 13:28


Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 312 мың адам.

«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 83 086 теңге, базалық зейнетақы 37 902 теңге».

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями