Популярные темы

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

Дата: 04 октября 2023 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан
Стоковые изображения от Depositphotos

Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты. Бірақ полиция тағайындаған екі бірдей сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мұны жоққа шығарған. «Ұстаздар мен дәрігерлердің біліксіздігінің кесірінен қызым шошып, отбасым ойран болды» дейді шыр-пыр болған әйел.  

Бет-жүзін жасырып, есімін атамауды өтінген href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы тұрғыны жекеменшік мектептің қызметкерлерінің кесірінен жеті жасар қызым психологиялық ауыр соққы алды деп отыр. Өткен аптада келіншектің бірінші сыныпта оқитын қызы сабақ кезінде қайта-қайта дәретханаға жүгіріпті. Бұдан сезіктенген мұғалімдер оқушыны сұрақтың астына алған. Сосын қызға өгей әкесі зорлық көрсетуі мүмкін деп топшылап, мені күтпей, жәдел жәрдем көлігіне салып жіберді дейді әйел.

Мектептің психолог апайы, дәрігері мен директор орынбасары. «Не істедің, кімнің қасына жаттың, ұйқың қалай» деп, жанжақтан сұраған. Осы кісілер асығыс диагноз қойып, зорлау мүмкіндігі болды деп өздері шешім қабылдап, жедел жәрдем мамандарына айтып берген. Сөйтіп ауруханаға жеткізіп, менің рұқсатымсыз баланы шырқыратып, астын ашып көріп, баламның құрсағы жарақат алды деп жазып берген.

Көпбалалы ана жайсыз хабарды тек ауруханаға жеткенде бір-ақ білдім дейді. Іске полиция араласып, бөлімшеге қыздың өгей әкесі де шақыртылған. Сосын екі бірдей медициналық сараптама жасалыпты. Оның қорытындысы бойынша жеткіншектің бар болғаны қуығына суық тиген екен. Қазір шошып қалған қаршадай қыз емделіп жатыр. «Баламды тергеп, айрандай ұйыған отбасымды ойран еткен мектептің қызметкерлері жазасыз қалмау керек» дейді шыр-пыр болған келіншек.

Біз қатты ашулымыз. Намысымызға тиіп отыр. Күйеуімнің намысына тиіп отыр. Гүлдей болып отырған шаңырағымды ортаға түсіріп отыр, бұл кісілердің асығыс шешімімен. Менен сұрап, нақты шешім болғанымен, бірге барып тексерту керек еді, сондай жағдай болған күннің өзінде. Осы іске қатысты ниеті дұрыс емес адамдар. Олар мектепте қалай бала тәрбиелейді? Сол үшін осы іске қатысы бар адамдарды жұмыстан шығаруын талап етемін.

Заңгер Нұржан Құралбаев кінәлілер жауапқа тартылсын деген талаппен прокуратураға, оқу-ағарту министрлігі мен әкімдікке шағым түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, ата-ананың қатысуынсыз кәмелетке толмаған баладан жауап алуға және жыныстық мүшесін тексеруге ешкімнің құқығы жоқ.

Бұл жағдайға жекеменшік мектеп қызметкерлерінің біліксіздігі себеп. №1 балалар ауруханасының дәрігерлеріне де сұрақ көп. Олар қыздың атаанасына ескертпей, өз бетінше тексеріс жүргізіп, жатыры зақымданған деген диагноз қойды. Екі бірдей сот-медициналық сараптама мұны жоққа шығарды. Мұндай қателік бүтін бір отбасыға кері әсерін тигізді. Мектеп болсын, ауруханаға болсын, мұндай келеңсіз жайтқа жол бермеуге тиіс. Нұржан Құралбаев, заңгер.

Ал дауға себеп болған Tamos Education атты жекеменшік мектептің басшылығы сұхбат беруге құлықсыз. Түсірілім тобымыздың алдынан шыққан күзетшілердің де жауабы қысқа болды.

Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселеден хабардар. Жауапты ведомствоның өкілдері жекеменшік мектепте тексеріс жүргізіледі деп сендірді.

  Оқуағарту министрлігіне аталған оқиғаға байланысты ақпарат келіп түскенін растаймыз. Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өтініш біздің қарауымызда. Осы фактіні зерделеу бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін хабарлаймызОқу-ағарту министрлігі

Қызының болашағына алаңдаған ана осы істі соңына дейін жеткізуге бекінген. Айтуынша, ұстаздар мен дәрігерлердің біліксіздігі қызымның психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін

Сурет: ktk.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями