Популярные темы

Әділет министрлігі алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады

Дата: 18 сентября 2023 в 12:08 Категория: Новости политики


Әділет министрлігі алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады
Стоковые изображения от Depositphotos

Өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда.

Осыған орай, Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуға болады.

Сурет: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями