Популярные темы

Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Дата: 22 августа 2023 в 19:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қызылорда облысының 200 астам тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қызылорда облысында өткен кездесуде Бекболат Молдабеков мемлекет заңнамасындағы өзгерістер, Әділет органдарының қызметі, сонымен қатар сот орындаушыларының алимент өндіріп алуы туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вице-министр айтуынша, Қызылорда облысында алимент бойынша 14 мыңнан астам атқарушылық іс бар.

«Осы жылдың 6 ай ішінде Қызылорда облысында алимент төлеу жөніндегі сот актілерін орындамағаны үшін 263 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 25 ұсыныс жіберілді. Ал 2 іс бойынша сот айыптау үкімін шығарды. Сонымен қатар, 1500 борышкерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға уақытша тыйым салынды», — деді Бекболат Молдабеков.

 

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қызылорда облысының тұрғындары Digital Justice – Цифрлық Әділет жобасы аясында іске асырылған мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланатыны белгілі болды.

Мәселен, Қызылорда облысының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін тіркеді, үш мың туу туралы куәлік алды, 484-ке жуық ЖШС тіркеуге өтінім берілді.

Министрлікпен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Digital Justice» жобалар портфелі іске асырылуда. Онда келесі жобалар: «Цифрлық нотариат», «Е-заң көмегI»,»Аттестаттау реинжинирингі», «е-атқарушылық іс жүргізу» және «Онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу» жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда, мобильді қосымшаларда қол жетімді 32 қызметтер, оның ішінде 28-і EgovMobile арқылы іске асырылды, 4 қызмет банктердің мобильді қосымшалары арқылы қол жетімді.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями