Стоковые изображения от Depositphotos
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.
27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген. Апат салдарынан осы автокөліктің кәмелетке толмаған жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Жүргізуші мен үш жолаушы Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press