Популярные темы

ТЖ министрі өрт сөндіруге арналған үлкен ұшақтар неге Қазақстанда жоқ екенін айтты

Дата: 20 июля 2023 в 23:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ТЖ министрі өрт сөндіруге арналған үлкен ұшақтар неге Қазақстанда жоқ екенін айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының халықмен кездесу барысында, тұрғындар министрдан Бородулиха ауданында болған өртте неге арнайы ұшақ алғызбағанын сұрады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, мұндай ұшақтарды пайдалану үшін үлкен су қоймалары жақын жерде орналасу керек.

«Біз бұл мәселені зерттеудеміз. Ол өте үлкен өртке арналған. Оны пайдалану үшін, үлкен көлемде су алу керек... Каспи, Балхаш, Алакөл сияқты. Бұдан кейін,  оны қайда қоямыз, ол колайлы ма? Сол жағынан да қарастыруымыз керек», деді Сырым Шәріпханов.

Естеріңізге сала кетейік, Бородулиха ауданындағы алапат өрт кезінде, әлеуметтік желіде «Неге Қазақстан көрші мемлекеттерден арнайы ұшақ алдыртпайды?» деген сұрақ жиі жарияланған болатын.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями