Популярные темы

Семейде ер адам суға батып кетті

Дата: 12 июля 2023 в 15:28


Семейде ер адам суға батып кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, шомылу маусымы басталғаннан бері бұл жетінші қайғылы оқиға. Суға кеткендердің арасында бір бала бар.

Абай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер мен полиция қызметкерлерін тарта отырып, судағы қауіпсіздік шаралары туралы халықты ескерту бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуде. Алайда, демалушылар қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын елемейді, бұл қайғылы жағдайларға әкеледі, деп қосты Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.

Сурет: Arnapress.kz, Абай облысы ТЖД 

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями