Популярные темы

Абай облысында Интернет сапасын жақсарту бойынша «Жол картасына» қол қойылды

Дата: 26 мая 2023 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында Интернет сапасын жақсарту бойынша
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Абай облысына сапары аясында өңірдің елді мекендерінің интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасына қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы Жол картасын іске асыру аясында 2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын интернетке сапалы кең көлемді қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Интернетпен қамтамасыз ету, әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе. Бүгінгі таңда облыста 331 елді мекен, оның ішінде 4 қала орналасқан. Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елді мекен интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, 28% немесе 93 ауылда желі жоқ, делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Абай облысының әкімдігі өңірдің елді мекендерін интернетпен және байланыспен толық қамтамасыз ету немесе қосылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін жұмысты бастады. Бейінді министрлікке «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында ұялы желі сигналын және интернет сапасын жақсарту үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу қажет ауылдардың тізімі жіберілді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями