Стоковые изображения от Depositphotos
Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша 11 сыныпты 1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 60, үздік аттестатқа — 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады», − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.
Семей қаласы бойынша мамыр, маусым айларында өтетін негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press