Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде учаскелік полиция қызметкерін балағаттап, видеоға түсірген қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты 1994 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі және 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі қарады.
Іс әлеуметтік желілердегі жала жабу туралы есеп негізінде қаралған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес ол TikTok әлеуметтік желісі арқылы былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді.
Сот қаулысымен азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 73-3 бабының 2 бөлігі және 434-баптарында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды»,-деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press