Популярные темы

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты

Дата: 19 апреля 2023 в 14:28


Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Президент бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселелерге тоқталып, алда атқарулуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын да атап өтті.

«Семей еліміздің әдемі және тарихи орталықтарының бірі болып саналады. Ол лайықты көрінуі үшін қаланы абаттандыру мәселесіне ерекше назар аудару керек», — деді мемлекет басшысы.

Сондай ақ, Семейді мысал ретінде келтіріп, барлық әкімдерді өз қаласында жаяу жүруге шақырды.

«Жақында теледидардан Семейдегі балалар алаңы туралы сюжетті көрсетті. Бұл алаңды пайдалану қауіпті. Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек. Бұл елордаға да қатысты», — деді Президент.

Айта кетерлігі, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Президент алдында баяндама жасады. Оның айтуынша өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді.  

Сурет: Arnapress.kz, Акорда

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Семей
Поделитесь новостью с друзьями