Популярные темы

Депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарауға не ықпал етеді?

Дата: 30 марта 2023 в 12:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарауға не ықпал етеді?
Стоковые изображения от Depositphotos

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында негізгі реттеуші бөлім болып табылады және оның елде жүйелік тәуекел деңгейін төмендету, сондай-ақ банк секторынан салымшылардың безіну тәуекелінен (bank run) қорғау бойынша пәрменді механизмі бар ол жеке тұлғалардың депозиттері бойынша максималды мөлшерлемелерді реттеу. Депозит нарығында мөлшерлемелерді көтеру бойынша дер кезінде қабылданған шаралар басқа да мемлекеттік қолдау шараларымен бірге Қорға әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетіп, 2022 жылдың бірінші тоқсанында құлдыраған депозит нарығының оң серпінін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді

Максималды немесе шекті сыйақы мөлшерлемелері дегеніміз жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерінің белгілі бір «шыңы».

Депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер қалай белгіленетіндігі және басқа да атқарылатын қызметтер туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Әдіснама және талдау басқармасы басшысының орынбасары Рузалия Гильмудинова әңгімелеп берді.

ҚДКБҚ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді қандай мақсатта белгілейді?

Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің мақсаты, оның ішінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету екендігін ескеретін болсақ, шекті мөлшерлемелерді бекіту механизмі бұл жерде макропруденциалдық реттеу құралы рөлін атқарады. Ол банктің ақшалай қор жинау құнын оңтайлы деңгейде ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ қатысушы банктердің пайыздық шығындарды тым көтерулеріне жол бермейді. Өйткені бұл олардың қаржылық ахуалына тікелей әсер әтеді

Егер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді белгілеуге қатысты қандай да бір шектеулер болмаса, банктер өтімді активтері жетіспесе де өздерінің депозиттік өнімдері бойынша тым жоғары сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге мүмкіндіктері болады. Ал бұл өз кезегінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне әкеп соғады. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, банктердің мұндай өктемді саясаты кейін қатысушы банкті қаржылық қиыншылықтарға душар етуі мүмкін. Банктің тіпті төлем қабілетінен айырылып қалуы да ғажап емес.

Шекті мөлшерлемелерді реттеу бойынша осындай тәсілдеме Ресей Федерациясында да қолданылады. АҚШ-та жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді жеткілікті капиталдандырылмаған банктер үшін белгілейді

Макропруденциалдық реттеу қызметінен басқа, мөлшерлемелерді реттеу депозит нарығында нәтижелі ақша-несие саясатын жүргізуге септігін тигізедіҚР Ұлттық Банкінің жүргізіп жатқан саясатына қарай, шекті мөлшерлемелер халықтың ақша жинақтау белсенділігінің артуына немесе үй шаруашылықтарының шығындарын арттыру арқылы экономиканың дамуын ынталандыруға ықпал етуі мүмкін.

Осылайша Қор шекті мөлшерлемелерді белгілеу кезінде белгілі бір үйлесімділікті сақтауы тиіс, яғни аумалы-төкпелі жағдайда және қазіргі болып жатқан инфляциялық үдерістер кезінде қатысушы банктердің тәуекел-тәбетін шектеп, халықтың жинақ ақшаларының сатып алу қабілетін сақтай білуі қажет.  

Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті (максималды) мөлшерлемелерді бекіту механизмінің даму жолы туралы толығырақ әңгімелеп берсеңіз.

Қор халықтың депозиттері бойынша максималды мөлшерлемелерді 2008 жылдан бастап белгілейді. 2018 жылға дейін шекті мөлшерлемелерді белгілеу механизмі қарапайым болды. Қор теңгелік депозиттер мен шетел валютасындағы депозиттер бойынша тек 2 максималды мөлшерлемені ғана белгілейтін.

Теңгедегі барлық депозиттер бойынша бірыңғай мөлшерлеме белгілеу түптеп келгенде депозит нарығында кең ауқымды сыйақы мөлшерлемелерінің қалыптасуына әкеп соқты. Сыйақы мөлшерлемесі көп жағдайда салымның мерзіміне де мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне де байланысты болмады: әр түрлі банктердегі мерзімі бірдей депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері арасындағы айырмашылық кейде 7 пайыздық тармаққа дейін баратын. Ал кейбір жекелеген банктер, егер қаласа, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қысқа мерзімді депозиттерге қарағанда төмен етіп тағайындауға дейін баратын.

Максималды мөлшермелерді осылай белгілеу әдісі салдарынан мерзімді депозиттер нарығы талап етілмелі депозиттерге айналып шыға келді. Соның салдарынан банктердегі ақшалай қор жинау мәселесі несие нарығында үйлесімсіздікке әкеп соқты экономиканы несиелендіру көлемі азайды және бөлшек саудалық несиелік өнімдер қымбаттап кетті.    

Депозит нарығының мәселелерін реттеу аясында 2018 жылдың соңында ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеуде сараланымдық тәсілдемеге көшті. Депозиттер нарығы шартты түрде тұрақты және мерзімсіз депозиттер нарықтарына бөлінді және олар бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеу тәсілі де бір-бірінен ерекшеленеді.

Шекті мөлшерлемелердің қазіргі өзекті мөлшерімен ҚДКБҚ ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысып шығуға болады. Мұнда сондай-ақ максималды мөлшерлемелердің соңғы жылдардағы серпіні бойынша тарихи деректер де орналастырылған.

Айтыңызшы, Қор жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін қалай есептейді?

Шекті сыйақы мөлшерлемелерін белгілеудің қазіргі механизмі нарықтық баға белгіленімі қағидасына негізделген. Шекті мөлшерлемелерді белгілеу барысында депозиттің түрі мен мерзімі, сондай-ақ депозиттің мерзімі барысында оны толықтыру құқығының бар екендігіне қарай орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі немесе ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріледі.

Ұзақ мерзімді тұрақты депозиттер 6 айдан жоғары мерзімге ашылған жинақ және мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер орташа өлшенген нарықтық мөлшерлемелер негізінде есептеледі.

Мерзімсіз және қысқа мерзімді (6 айға дейін ашылған мерзімді және жинақ) депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізінде белгіленеді. Базалық мөлшерлеме реттеушінің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Сол арқылы ақшаның нарықтағы құны айқындалады

Мұндай тәсіл бір жағынан банк секторына қатысушылардың нарықтық көңіл-күйін ескеруге, ал екінші жағынан ҚР Ұлттық Банкінің жүргізіп жатқан ақша-несие саясатына дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді. Дәл осы қысқа мерзімді және өте икемді мерзімсіз депозиттер пайыздық арнаның құбылуын қаржы нарығына уақтылы жеткізуге көмектеседі.

Максималды мөлшерлемелердің мөлшерін есептеудің толыққанды тәртібі ҚДКБҚ-ның ішкі әдістемесінде белгіленген. Онымен мына сілтеме бойынша танысып шығуға болады.

Түсіндіріп беріңізші, Қор мөлшерлемелерді 2022 жылы неге жиі қарады?

Әлемдегі тұрақсыздық жағдай, инфляциялық үдерістердің үдеуі, экономикалық өсімнің бәсеңдеуі және басқа да ішкі және сыртқы шошытарлық жайттер жалпы мемлекеттен және айталық, Қордан батыл шаралар қабылдауды талап етті. Халық депозиттерінің тұрақтылығы мен тартымдылығын қолдау мақсатында Қор 2022 жылы шекті мөлшерлемелерді 19 рет қайта қарады. Қордың шекті мөлшерлемелерді белгілеу бойынша шұғыл іс-әрекеттері әлеуметтік шиеленістерді төмендетіп, салымшылардың банктерден безіну тәуекелін болдырмауға көмектесті. Бұл кезеңде шекті мөлшерлемелер 18,3%-ға жетті (Графика). Бұл ретте 2021 жылы, қаржы нарығы тұрақты болып, инфляция белгіленген дәліз ішінде болған кезде, депозиттер бойынша мөлшерлемелер мерзімсіз салымдар бойынша 9,0%-дан, жинақ салымдар бойынша 14,0%-ға дейін түрленіп отырды.  

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями