Стоковые изображения от Depositphotos
Ағымдағы жылдың 8 наурызында 23 сағат 07 минутта href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының «101» пультіне жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың улы газбен уланғаны туралы қоңырау түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, нақты айтқанда түтін мұржасының тартылмауынан, төрт және бес жастағы балалар жеңіл дәрежедегі улы газбен уланғандығы белігілі болды. Дәрігерлердің қарауынан кейін балалар үйлеріне жіберілді.
Сондай-ақ, орта дәрежелі улы газбен 11 және 7 жастағы балалар уланды, дәрігерлердің тексергеннен кейін олар href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының бүйрек орталығы мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды.
Абай облысының ТЖД жеке үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
По сообщению сайта Arna Press