Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласының Жедел басқару орталығына отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиға орынана бірден патрульдік полиция қызметкерлері барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шақырту мекен-жайына барған полицейлер әжетхананың есігін жұлып ашып, ер адамның асылып тұрғанын анықтайды. Оқиға барысында полицейлер азаматты тұншықтырғыш түйіннен босатып, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Құтқару сәті қызметкерлердің бейнежетонына түсіп қалған (видео)
Сурет: ves-vesti.ru
По сообщению сайта Arna Press