Популярные темы

Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады

Дата: 23 февраля 2023 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.

2 әуе кемесі тұрақтайтын перрон бір уақытта 2 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді және 5 қабатты бақылау мұнарасы жаңадан салынды.

Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда АлматыСемей – Үржар бағыты бойынша рейстер қабылдануда.

Сонымен қатар, әуежай терминалының ғимаратын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл ретте Нұржан Тоқсеитов биыл Үржар ауданында сағатына 100-150 жолаушыны қабылдай алатын жаңа әуежай ғимаратының құрылысы басталатынын атап өтті.


«Қазір терминал сағатына 30-ға жуық адамды қабылдайтын болса, құрылыс аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай артады. Мысал ретінде, Семей немесе Өскемен әуежайларын келтіруге болады», — деді Нұржан Тоқсеитов.

Сурет: qazweek.kz, Абай облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями