Популярные темы

Семейліктер жергілікті бюджетті бөлуге қатыса алады

Дата: 24 января 2023 в 18:58 Категория: Новости экономики


Семейліктер жергілікті бюджетті бөлуге қатыса алады
Стоковые изображения от Depositphotos

Оның аясында азаматтар жергілікті бюджетті бөлуге қатыса алады, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі Семей қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 кезеңд қала тұрғындарының келесі бағыттар бойынша жобалық ұсыныстар ұсынуға мүмкіндігі бар:

1. Аумақты көгалдандыру;

2. Тротуарларды жайластыру;

3. Тротуарларды, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу;

4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер)құру, жөндеу және жарықтандыру;

5. Бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;

6. Қоқыстарды  жою;

7. Жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

8. Аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

9. Санитарияны қамтамасыз ету.

Тұрғындардан жобалық ұсыныстарды жинау 2023 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады.

2 кезең

Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес 2023 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде келіп түскен жобалық ұсыныстарға талдау жүргізетін болады.

Іске асырылуы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жобалық ұсыныстар дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын болады.

3 кезең

2023 жылғы 24 сәуірге дейінгі мерзімде кәмелетке толған тұрғындар дауыс беруге қатыса алады. Дауыс беру үшін Семей қаласы әкімдігінің сайтында өзіңізге ұнайтын жобаны таңдап, «Халық қатысатын Бюджет» бөліміне өту қажет. Профиль тақырыбындағы сілтеме.

1. Тіркелген пайдаланушылар үшін: тіркелгіңіздің астындағы сайтқа кіріп, таңдалған жобаның жанындағы «дауыс беру» түймесін басыңыз;

2. Тіркелмеген Пайдаланушылар үшін: таңдалған жобаның жанындағы «дауыс беру» батырмасын басыңыз, содан кейін ЭЦҚ пайдалана отырып тіркеліңіз.

Байланыс телефондары: «Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ 52-12-48,

«Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ 35-36-53.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями