Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысы бойынша бизнеске арналған грант байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Аrnapress.kz облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерлерді қолдап, инновациялық жобаларды өндіріске енгізу үшін жыл сайын мемлекеттік гранттар беріледі. Қатысуға өтінішті жастар және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер бере алады.
Гранттарды қаржыландырудың 20 пайызын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бөлу жоспарланған. Бұл бағыттағы қаржыландыру «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба бойынша орындалады.
2022 жылы осы мақсаттағы жұмыстарды қаржыландыру үшін бюджеттен 46 миллион теңге бөлініп, Абай облысы бойынша 339 өтініш келіп түсті. Сараптама комиссия мүшелері әр жобаны жан-жақты зерттеп, 18 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдады, − дейді шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Малікаждар.
Осы жоба бойынша 9 миллион 200 мың теңге әлеуметтік аз қамтылған кәсіпкерлердің жобасына бөлінді. Бұл санаттағы бизнес-жобада инновациялық өзгерістер талап етілмейді.
Мысалы ұсынылған жобаларда 1 топтағы мүгедектігі бар кәсіпкер ет өнімдерін өңдеумен айналысса, көру қабілеттілігі бойынша мүмкіндігі шектеулі екінші грант иегері, ерекше қажеттілікті талап ететін адамдарға арналған сауықтыру жобасын ойлап тапқан.
Мемлекеттік грантқа облыста жаңашылдықты енгізіп, жолталғамайтын мотоциклдерді құрастыру және интерактивті жабындыларды шығару туралы жобаларға құжаттар ұсынған.
Интерактивті жабындыларды Семей қаласында жинап қана қоймай, қажетті құрылғыларды семейлік компания өздері өндіреді. Бұндай жабындылар білім беру мекемелерінде оқытуға өте қажет. Бұл жобаны Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінде таныстырылған соң, еліміздегі бірнеше қаладан тапсырыстар түскен. Алдағы уақытта осы компанияның Made in Semey өнімі Қазақстанда ғана емес, шет елдерге де шығуы мүмкін.
По сообщению сайта Arna Press