Популярные темы

Түркістан облысында жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

Дата: 09 января 2023 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан облысында жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұған дейін Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны, 1946 жылы туған Молдабек Игенбаев 05.01.2023 жылы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлаған болатын. Тіпті БАҚ арқылы іздеу жарияланды. Арыз полиция бөліміне 06.01.2023 жылы тіркеліп, қарияның жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеуге полицейлер мен еріктілер, атты ауыл тұрғындары атсалысты.

Іздеуге жұмылдырылған полицейлер әрбір үй, дүкен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарда жоғалған егде жастағы қарияның суретін көрсету арқылы сұрастыру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар қараусыз қалған ғимараттар, оқиға орнына жақын аумақтағы тау-тас, ой-қыр, егістік алқаптары түгел қаралып, жіті тексерілді. Ұшты-күйлі хабарсыз кеткен тұрғынды аман-есен табу мақсатында полицейлермен бірге ауыл тұрғындары және еріктілер де үздіксіз, күні-түні іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Қолданылған шараларға қарамастан, өкінішке орай жоғалған ер адамның мәйіті 08.01.2023 жылы сағат 17:00 шамасында «Шүрен төбе»  егістік алқабынан табылды. Яғни егістік алқапта сақшылармен бірге жүрген 2 ауыл тұрғыны бірінші болып, мәйітті байқаған. Мәйітті сырттай қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями