Популярные темы

«Пари Сен-Жермен» қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасының чемпионы атанды!

Дата: сегодня в 01:56 Категория: Новости спорта


«Пари Сен-Жермен» қатарынан екінші рет Чемпиондар лигасының чемпионы атанды!

Франциялық «Пари Сен-Жермен» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Финалдық ойында париждік клуб ағылшынның «Арсеналын» тізе бүктірді.

Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өткен шешуші матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 6-минутында Кай Хаверц лондондықтарды алға шығарса, 65-минутта Усман Дембеле пенальтиден есепті теңестірді.

Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Тартысты пенальти сериясында сәттілік «ПСЖ» жағында болып, 4:3 есебімен басым түсті. «Арсеналдың» екі ойыншысы допты қақпаға дәл бағыттай алмады.

Осылайша «Пари Сен-Жермен» өз тарихында екінші рет, әрі қатарынан екінші маусымда Чемпиондар лигасының кубогын иеленді. Өткен маусымда париждіктер финалда миландық «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями