Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Даму Кубогы аясындағы кезекті кездесуінде Беларусь U-17 құрамасына есе жіберді.
Матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Беларусь құрамасы екі голын да екінші таймда соғып, ойын тағдырын шешті.
Қазақстан U-17 құрамасының келесі кездесуі 21 ақпанда Тәжікстан U-17 командасына қарсы өтеді. Ұлттық жасөспірімдерімізге сәттілік тілейміз!
По сообщению сайта SportInfo