Популярные темы

Семейде психотроптық затпен ер адам ұсталды

Дата: 20 августа 2025 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде психотроптық затпен ер адам ұсталды

Семейде полиция қызметкерлері психотроптық затпен ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Семей қаласының полицейлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден оқшаулағыш таспамен оралған ақ түсті ұнтақ зат салынған 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, алынған зат психотроптық зат болып табылады – 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он (a-PVP, α-пирролидиновалерофенон). Заттың жалпы салмағы 15 граммды құрады.

Аталған дерек бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями