Популярные темы

Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Дата: 28 апреля 2025 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жазда аяқталады.

Биыл облыста жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған 149 пәтерді сатып алу көзделген.

Облыс әкімі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Семей қаласында 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруымыз керек. Қарағайлыда салынып жатқан 18 үй мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді аймақ басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями