Популярные темы

Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі

Дата: 17 февраля 2025 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мопедті қалай тіркеуге болады: ІІМ түсіндірмесі
Стоковые изображения от Depositphotos

Ішкі істер министрлігінде мопедті тіркеу тәртібін ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мопедті тіркеу ережелері қандай? Қандай құжаттар керек? 

— Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады, мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ оны тіркеу (0,25 АЕК) және тіркеу туралы куәлік (1,25 АЕК) пен мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК) үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек.

Егер ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркеуге болады?

— Ешқандай құжат немесе VIN-код болмаған жағдайда я болмаса қандай да бір себептерге байланысты мопедтің шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаса, оны ішкі істер органдары тексеру жүргізгеннен кейін береді. Бұл ретте оны қарап-тексеру жүргізілген жыл мопедтің шығарылған жылы болып есептеледі. 

Мопедті басқару үшін куәліктің қандай санаттары қажет?

— «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес мопедті басқару үшін А1 санаты бар куәлік қажет. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол да мопедті басқара алады, — деді полиция полковнигі. Мопедтерге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қандай тәртіппен беріледі? — Мопедтерге мемлекеттік нөмір беру қолданыстағы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады, яғни жүйе автоматты түрде нөмірді таңдайды. Мысалы, дәл осындай тәсіл мотоциклдерге де қатысты қолданылған.

⁠5 сәуірден кейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделген?

— Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген (10 АЕК айыппұл).

 

Сурет: ашық дереккөздерден, видеодан скриншот 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями