Популярные темы

Елімізде 4,1 мыңдай науқас ішкі ағзасын ауыстыру кезегін күтіп жүр

Дата: 05 декабря 2024 в 15:18


Елімізде 4,1 мыңдай науқас ішкі ағзасын ауыстыру кезегін күтіп жүр
Стоковые изображения от Depositphotos

Елімізде донор тапшы, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

4 100-ге жуық науқас ішкі ағзасын ауыстыру кезегін күтіп жүр. Соның 3 600-ден астамы бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегеді.

Сондықтан, трансплантологияның маңызын түсіндіру мақсатында сала мамандары Алматыдағы көпсалалы ауруханаға барды. Мәйіттік донор арқылы қаншама адамның өмірін сақтап қалуға болатынын айтты. Сондай-ақ осы істі жүйелеудің жолдарын көрсетті.

Туыстық донор болған кісі ертеңгі күні өзіне де керек боп қалуы мүмкін. Ал мәйттік донор бұл ешкімге зияны жоқ. Қайтқан кісі қайтты. Бәрі ойлайды мәйттік донорда бәрінен ала береді деп. Олай емес. Тек мидың өлімі болғанда ғана сол науқастан алуға болады, деді донорлық ағзаларды транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы Қайрат Иманбаев. 

Сурет: pixabay.com

 

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями