Популярные темы

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды

Дата: 27 сентября 2024 в 18:38 Категория: Новости политики


Оқу-ағарту бірінші вице-министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өңірімізге жасаған жұмыс сапарында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының бүгінгі жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Абай облысында 33 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Соның ішінде жоғары IT және жаңа технологиялар колледжі ауылшаруашылығы, құрылыс, медицина салаларына қажетті инженер, оператор, техник, электромеханик мамандарын дайындалады. Аталған колледжде білім алатын 800-ге жуық студенттің 80 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқиды.

 

Оқу орны ең үздік қауіпсіздік және экологиялық шешімдер технологиясына негізделген жүйемен жабдықталған. Бұдан басқа колледжде студенттер жобаларының арқасында жылу және жарық берудің интеллектуалды жүйесі, күн энергиясы, суды екі қайтара пайдалану қолданылып келеді.


 

«Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, жүйені дамытудың жаңа тәсілдері әзірленді. Бұл дегеніміз — колледждерді өңір экономикасына қарай бейімдеу, көшбасшы колледждерді қалыптастыру, колледждерді тиімді басқаруды енгізу. Бүгінде нарыққа өз саласы бойынша қажетті құзыреттілік пен дағдыларға ие мамандар қажет. Әсіресе, кадрлық әлеуетті көтеруге басымдық берілуі керек», — деді вице-министр.


 

Сондай-ақ Наталья Жұмаділдаева №50 IT мектеп-лицейінде болды. 1200 оқушыға арналып құрылысы биылғы жылы салынған білім ошағы жаратылыстану-математика, бағдарламалау, жасанды интеллект және робототехника бағыттарына бағдарланған. Сонымен қатар, вице-министр жылына 300-ге жуық аутизмі бар балаға көмек беретін орталықта болды.

Сапар соңында вице-министр «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында басшылардың жаңа құрамын жасақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналармен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықты арттыру бойынша тапсырмалар берді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями