Популярные темы

Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды — ҚТЖ

Дата: 29 июля 2024 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жолаушылар шағымынан кейін пойыздарды тазалайтын компанияға айыппұл салынды - ҚТЖ
Стоковые изображения от Depositphotos

Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.

«Тексеру компанияның href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Заңбұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар», делінген хабарламада.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады.

«Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады».

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями