Популярные темы

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды

Дата: 24 мая 2024 в 20:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық спортшылар бес финалда бақ сынайды
Стоковые изображения от Depositphotos

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер командасының төрт спортшысы бес финалда бақ сынайды. 

Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Сәлімов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Сәлімов 6-нәтиже көрсеткен. 

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Құрбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды. 

Бүгін іріктеудің екінші күні өтіп жатыр.

Сурет: olympic.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями