Популярные темы

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Дата: 24 мая 2024 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер бүгін, 24 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлытау облысының батысында оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматыда кешке найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің екпіні 15 мболады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 мболады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 мболады.

Астанада кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 мболады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 мболады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 мболады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 мболады.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 мболады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями