Популярные темы

Синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды

Дата: 23 января 2024 в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Синтетикалық есірткінің рекордты партиясы заңсыз айналымнан алынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттардың масштабты өндірісін жойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

Тінту кезінде 200 кг астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды.

Дайын есірткі заттарының бұндай салмағы, көрсетілген зертхана елде ең ірі болғанына негіздеме береді.

Алынған «мефедрон» көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті.

Бұл ретте, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями