Популярные темы

Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Дата: 22 января 2024 в 19:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 24 қаңтарда теледидар мен радио 14 сағатқа өшеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтатып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты біз 24 қаңтарда сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) телерадио хабарларын таратуды тоқтатып, профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдейміз», — деп хабарлады  «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық оператор уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сурет: unsplash

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями