Стоковые изображения от Depositphotos
Ақтауда магистралды құбырдағы ақауды мамандар жөндеп жатыр, бірнеше шағын ауданда жылу беруге уақытша шектеу енгізілді, әкім тұрғындардан сабырлық танытып күтуді өтінді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральды жылу құбырында апаттық жағдай тіркеліп, жылу беру уақытша шектелген.
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.
«Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралды 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда». Ұлықбек Тінәлиев
Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.
По сообщению сайта Arna Press