Стоковые изображения от Depositphotos
Театр өнерінде орны толмас қайғы... Абай облысының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының артисі, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Мемлекеттік степендияның иегері, Шығыс Қазақстан облысының, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Бекен Имаханұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Бекен Имаханов 1936 жылы 20 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ол 1955-ші жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Консерваториясының актерлік факультетіне қабылданды. Аталған факультетте, қазақтың тұңғыш профессионал режиссері Асқар Тоқпановтың класында оқып, ойдағыдай тәмәмдап шығады да, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен, 1959-шы жылдың 1-желтоқсанынан бастап, Семейдің облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында, бүгінгі күнге дейін үзіліссіз қызмет етіп келд
«Актердің шығармашылық шарықтауы осы театрдың сахнасында басталады. Б.Имаханов қазақ халқының ақын-әншілер, халықтың әнші-композиторлары бейнелерінің тұтас галереясын жасады. Алғашқы рольдерді «Беу, қыздар-ай», «Махаббат мұңы», «Ақан сері – Ақтоқты». Бұл актердің творчестволық жолын, бағыт-бағдарын ашқандай ролі болды. Аса сәтті шыққан Ақан бейнесі, актердің болашақта зор тұлғалар жасап, трагедиялық, психологиялық деңгейге шарықтауына үлкен баспалдақ болғаны даусыз. Абай, Асан Қайғы, Қобыланды және тағы басқа образдары Семей театрының ғана емес, жалпы қазақ театр өнерінің өркендеуіне қосқан, актердің аса елеулі табысы мен үлкен еңбегі екенін айтқанымыз жөн», — деп жазды театр ұжымы.
Бекен Имаханов 2014 жылы Павлодар қаласында өткен Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты Қазақстан аймақтық театрлары фестивалінде «Сахна ардагері» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.
Сурет: Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры
По сообщению сайта Arna Press