Популярные темы

«Елімай» ФК ресми түрде ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанды

Дата: 01 ноября 2023 в 15:08 Категория: Новости спорта



Стоковые изображения от Depositphotos

«Елімай» ФК ресми түрде ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші лигада өнер көрсеткен команда 28 кездесу өткізіп, 76 ұпай жинап, көптен күткен кубокка ресми түрде ие болды.

Маусымның соңғы матчында «Елімай» ФК мен «Ақжайық» ФК кездесті. Ойында семейлік клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары Павел Яковлев пен Бека Кавтарадзе.

«Елімай» ФК жеңіске жету жолында өте тәжірибелі спортшылардың командасын жинай алды. Маусым барысында бірде бір жеңіліс көрмеген футбол клубының әр матчына мыңдаған жанкүйер келіп, қолдау көрсетіп отырды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями