Популярные темы

Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды

Дата: 01 ноября 2023 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай14 қазан күні болған. Балалардың сөзінше, сол күні өзен жағасында жүргенде олардың бірі судағы әйелді байқап қалып, екіншісін көмекке шақырады. Оныншы сынып оқушысы Әлен Мейірбек көпірден өзенге секіріп, зардап шегушіні жағаға шығарды, деп жазды Otyrar сайты.

«Ағам өзен жағасында телефонмен сөйлесіп отырғанда, суға батып бара жатқан әжені көрген. Басында көңіл бөле қоймаған, «суға батып жатыр» деп ойламаған. Сосын мән беріп қарап, бізді көмекке шақырды. Мен бірден Машат өзеніне қарай жүгірдім де, көпірден суға секіріп, әжені жағаға шығардым». Ален Мейірбек

Жағаға шыққанда Құрмет бауыры Әленге көмекке келіп, егде әйелге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты.

Суға батып кете жаздаған әйел кісі мұғалім, 78 жастағы зейнеткер болып шықты. Ол аяғы тайып, суға құлаған, ағыс алып кеткендіктен, суға бата бастаған.

«Науқас жедел жәрдеммен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оған ем тағайындалды, қазір әйел өзін жақсы сезінеді», деп айтты Түлкібас аудандық орталық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Қалибек Абылайұлы

Зейнеткерді құтқарып қалған балаларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі марапаттады.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями