Популярные темы

Семейлік студенттер полиция қызметкерлерімен бірлесіп алаяқтықпен күресуде

Дата: 13 октября 2023 в 15:58 Категория: Общество


Семейлік студенттер полиция қызметкерлерімен бірлесіп алаяқтықпен күресуде
Стоковые изображения от Depositphotos

«Біз алаяқтыққа қарсымыз» ұранымен ABU студенттері полиция қызметкерлерімен бірге интернет-алаяқтықпен күресуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық — насихаттау акциясына қатысты.

Жастар күдікті қоңыраулар кезінде іс-қимылдарды түсіндіретін брошюралар әзірледі.

Интернет-алаяқтықтарды ашуға маманданған жедел бөлімшенің қызметкері полиция капитаны Әсет Егеубаев қаскүнемдер пайдаланатын ақша қаражатын ұрлаудың негізгі түрлері мен тәсілдері туралы нақты мысалдармен айтып берді.



«Студенттерді қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту студент жастар арасында ғана емес, жалпы қоғам арасында да құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді. Бұл құқықтық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісі», деді полицейлер.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Общество
Поделитесь новостью с друзьями