Стоковые изображения от Depositphotos
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстан Ислам Әмірлігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін күштік ведомстволардың өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жіберіледі, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында 5,5-тен 6,3 балға дейінгі әртүрлі магнитудадағы жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 2400-ден асты, 2 мыңға жуық ғимарат пен құрылыс қирады.
Әрдайым жауынгерлік дайындықта болатын ұшу құрамы зардап шеккен мемлекетке гуманитарлық жүктерді жеткізуге белсенді ат салысады. href="https://aqparat.info/city/38328-shymkent.html">Шымкент әуежайынан зардап шеккендерге табысталатын гуманитарлық көмекті әуе арқылы тасымалдау үшін Y8F200W бортының экипажы Герат қаласына бет алды. 8 адамнан тұратын экипажды тәжірибелі ұшқыш – борт командирі Құрманғали Топанов басқарады.
– Біздің экипаж бітімгершілік миссиясын орындайды. Біз жер сілкінісі кезінде зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетеміз. Астанадан, href="https://aqparat.info/city/38328-shymkent.html">Шымкенттен медициналық бұйымдар мен дәрілік аппараттар жөнелтілді. href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыдан шатырлар тиелді. Бізде осындай жүктерді шет елдерге тасымалдау бойынша тәжірибе бар. Биылғы ақпан айында Ұлттық ұлан авиациясы Сирия мен Түркияға гуманитарлық жүктерді жеткізуге жұмылдырылған. Жалпы, біз сол кезде 6 рейс жасадық. Гератқа дейінгі қазіргі ұшу шамамен 3 сағатты алады, ал қашықтық 1300 км-ді құрайды. Қойылған міндет орындалады. Гуманитарлық жүк Ауғанстанға жеткізіледі, – деді әуе кемесінің командирі Құрманғали Топанов.
По сообщению сайта Arna Press