Популярные темы

Құмар ойынға жақын қазақстандықтарға несие алуға тыйым салынуы мүмкін

Дата: 10 октября 2023 в 17:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Құмар ойынға жақын қазақстандықтарға несие алуға тыйым салынуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тәртібін қатаңдату жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойын ойнайтын адамдардың төлем қабілеттілігін бағалауды ұсынып отыр.

Қарыз алушының төлем қабілеттілігі былай бағаланады.

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыға немесе ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаға тән белгілері бар қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми кірісі бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына      300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға үштен аса төлем жасаған жеке тұлға анықталған», — делінген жарлық жобасында.

Фото: pexels.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями