Популярные темы

Абай облысының мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшысы тағайындалды

Дата: 28 сентября 2023 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшысы тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Облыс активімен кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар, мемлекеттік орган жұмысындағы рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда резервке қатысуға 350-ге жуық адам өтініш берген.  

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Президенттік жастар кадрлық резервінің басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – мемлекеттік басқару саласына білікті де білімді жастарды дайындап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі арттыру», – деді жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.  

Биыл кандидаттарды іріктеу: инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестиция, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағытында жүргізіліп жатыр.

Қорытынды нәтижесінде резервке 50 үміткер іріктеледі. Жеңімпаздар 2023 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.  

Сондай-ақ жиында агенттік саладағы тиімділік пен қызмет көрсетуді арттыруға бағытталған кешенді жұмыстары туралы ақпарат берді. Негізгі инновациялық қадамдардың бірі цифрландыруды енгізу. Мысалы, электронды іс жүргізуге ыңғайлы және персоналды басқарудағы бизнес-процестерді оңтайландыруға арналған E-Qyzmet порталы жаңғыртылды.  

Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облыстық филиалы департаментіне жаңа басшысы болып Нұрлан Дәулетқалиев тағайындалды.  

Айта кетсек, сапар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысындағы филиалы, тестілеу орны, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызметімен танысып, жастармен, жас мемлекеттік қызметшілермен және Агенттіктің Абай облыстық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізеді.  

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями