Популярные темы

Абай облысының оқушысы 3D-туры бар мекеме сайтын құрды

Дата: 27 сентября 2023 в 00:48 Категория: Новости интернета


Абай облысының оқушысы 3D-туры бар мекеме сайтын құрды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы №7 орта мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Нурлыхан Маратов мейрамханаға виртуалды 3D туры бар арнайы сайт жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайтта тұтынушылар үшін ыңғайлы және қызмет көрсетуді оңтайландыратын инновациялық онлайн мәзір ұсынылған. Бұдан басқа жобада бизнесті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тетіктер бар. NFC-технологиясы құрылған, яғни NFС картасымен мәзір әрқашан қол жетімді және тұтынушылардың уақытын үнемдейді.

Айта кетерлігі, Нурлыхан бұған дейін медициналық карта QEFO.KZ қосымшасын, туристерге арналған мобильді қосымшасын ойлап тапқан.

Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости интернета
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также