Стоковые изображения от Depositphotos
Бесқарагай ауданы Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.
Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ. Медициналық диагноз: сол жақ бетінің стафилококково-стрептококковты карбункул.
Қазіргі таңда Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press