Популярные темы

Өскеменнің көшелерінде мектеп оқушысының макеті орналастырылған

Дата: 23 сентября 2023 в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өскеменнің көшелерінде мектеп оқушысының макеті орналастырылған
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскемен қаласы Полиция басқармасының полиция қызметкерлері  жолдан өтуге дайындалып тұрған  оқушы бейнеленген макеттер орнатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік жарақаттарының  алдын алу және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері бар жолдарда жүргізушілердің қырағылығы мен мұқияттылығын арттыру мақсатында жасалған.

Бүгінгі таңда 5 оқушы баланың макеті жол жиектеріне орналастырылды және келесі  көшелердегі жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанына орнатылды:

— Космическая  көшесі;

Н. Назарбаев даңғылы;

— Славский атындағы жағалау;

— Қазақстан көшесі;

— Рейш көшесі.

Полицейлер қаланың көлік ағыны қарқынды көшелерінде орнатылған макеттер жүргізушілерді тәртіпке шақырады, жолға барынша назар аударуға  және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетуді еске салатын болады деп санайды.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Нурсултан Назарбаев
Поделитесь новостью с друзьями