Популярные темы

Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді

Дата: 07 сентября 2023 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарысы өтеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қала күніне орай Семейде алғаш рет драг-рейсингтен жарыс өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды түрде қабылданбаған. Сондықтан, Семей қаласының автокөлік жүргізушілері, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды.

Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді деп жоспарланған.

«Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді. Жалпы Семей қаласында мотоспорт жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Алдын ала болжам бойынша 30-40 автомобиль жарысқа қатысады», — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями