Популярные темы

Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді

Дата: 01 августа 2023 в 09:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда мектептер үшін санитарлық тораптарға арналған ұлттық стандарт әзірленеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен Техникалық реттеу және метрология комитеті 2023 жылға арналған «Жалпы білім беру мекемелерінің санитарлық тораптары. Жалпы талаптар қатысты» ұлттық стандарттау жоспарына толықтырулар енгізді, делінген аталған комитет хабарламасында.

«Аталмыш өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өтінімі бойынша енгізілген және елімізде мектептердегі санитариялық тораптарға бірыңғай стандартталған талаптарды белгілеуге, санитариялық тораптардағы балалар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, оның ішінде кабиналарға қойылатын талаптарды айқындауға, гигиеналық құралдардың болуына және қозғалысы щектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құруға бағытталған».

Өтінім «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК Ғылыми-техникалық кеңесінде қаралды, стандартты биыл бекіту жоспарлануда.

«Жасыратыны жоқ, мектептердегі санитарлық тораптардың сапасына қатысты сұрақтар көтеріліп тұрады. Сондықтан экологиялылық, санитария, қолжетімділік және басқа да маңызды жағдайлар тұрғысынан қазіргі заманғы тәсілдер негізінде бірыңғай стандартты белгілеу бұрынан іске асырылып жатқан міндет», — деп атап өтті ҚР СИМ ТРМК төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Бұған дейін мектептерде негізінен ауылдық елдімекендерде 50 дәретхана сыртта орналасқаны хабарланған болатын. Кейбір мектептерде, әдеттегідей барлық дәретханалар жұмыс істей бермейтіні, санитарлық тораптар жөндеуді талап етілетіні де сынға алынған.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями