Популярные темы

Семей қаласында 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Дата: 26 июля 2023 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласында 59 түлек
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде 59 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2023 жылғы 18 мамыр 5 шілде аралығында электронды форматта өткізілді, түлектер қорытынды ҰБТ-ны екі рет тапсырды. Екі мүмкіндік те мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін жарамды.

Түлектер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.

Семей қаласы бойынша мектепті барлығы 2 045 оқушы бітірді, оның ішінде 1 871 түлек ҰБТ тапсырды.

59 мектеп бітіруші  «Алтын белгі» иегері атанса,169 түлек мектепті үздік аттестатқа аяқтады.  

«Алтын белгі» иегерлерінің ҰБТ орташа балы — 99,8 балды құрады. Ең жоғары 135 балды , «Алтын белгісінің » иегері Зарипова Аружан жинады.

Жалпы Семей қаласы бойынша 271 түлек 100-ден жоғары балл алды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями